Менің достарым көп. Біз аулада түрлі ойындар ойнаймыз. Көбіне доп тебеміз, сырғанаймыз. Бізбен бірге інілеріміз де аулада ойнайды. Олар үйден ойыншықтарын ала шығады. Өздеріңіз көріп отырғандай аю, ролик, доп, машина және аулада сырғанақ, әткеншек орнатылған. Аула тап-таза, айнала ағаштар өсіп тұр.