Археология ғылымы нені зерттейді

0 голосов
160 просмотров

Археология ғылымы нені зерттейді


Биология (12 баллов) | 160 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 

(32 баллов)