Помогите перевести с казахского на русский язык-текст.
Киім кию туралы.
Талғаммен киіну үшін стильден қалмау, өз тұлғасының ерекшеліктерін ескеру жеткіліксіз. Бұған қоса қай жерде не кию керек екенін біліп, жас ерекшеліктерімен санасу қажет.
Түнгі киімді - көйлек пен пижаманы тек ұйықтағанда ғана киеді.
Таңертеңгі киім - халатты таңертең жуынып, тарағанда ғана киеді.
Үйде киетін киім қандай болуы керек? Көптеген адамдар үй ішінде ешкім көрмейді ғой деп, қалай болса солай, салақ киініп жүруге болады деп есептейді. Ол дұрыс емес. Үйде мақта матадан қарапайым, бірақ әдемі халат - көйлек киіп жүрген дұрыс болады. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза және жарасымды болуға тиіс.