Етістіктің өткен шағы деген не? өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай...

0 голосов
111 просмотров

Етістіктің өткен шағы деген не? өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай нешеге бөлінеді? олар қалай жасалады? әр түріне қандай мысал келтіре аласыңдар?


Қазақ тiлi (190 баллов) | 111 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.

Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:

1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”.

3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы.

4. тұрған, баратын, келген, бітетін

(481 баллов)