992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін
бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур
Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер
Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.
Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу
туралы» Жарлыққа қол қойды.1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа
енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15
қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған
болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және
мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге
бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.