Ас қорыту – өте күрделі үрдіс. Ол ас қорыту жолынанжәне бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш,асқазан немесе қарын, он екі елі ішекнемесе ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек –бұлар ас қорыту жолы болып табылады.
Ас ауызқуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді,одан соң асқазанға түседі. Жұтқыншақ ұзындығы 11-13 см., бұлшық етті мүше онда ас қорыту және тыныс алу жолдарықиылысады. Жұтқыншақтан тарылған төменгі жағы өңеш деп аталады. Өңеш – ас қорыту жолының бір бөлігі.Ересек адамның өңешінің ұзындығы 25-30.Асқазан – сол қабырға астында орналасқанбұлшықетті ағза. Асқазан қабылдаған тағам үшін резервуар болып табылады,сонымен қатар сол тағамның химиялық қорытылуына әсер етеді.
Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесібөлімде аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұлқорытылу аш ішектің ұсақ көпбездерінің әсерінен болады. Ішек – адам ағзасындағы асқазан мен тоқ ішек арасында орналасатынішектің бір бөлігі. Оның ұзындығы 7-8 м. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді, майдың ерітінділерілимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, аш ішектіңнегізгі қызметі – қоректік заттарды сіңіру, ондағы қорытылған кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.
Он екі елі ішекте,латынша duodenum – аш ішектің бастапқы бөлігі. Он екі елі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады.Оның атауы сипатына сәйкес, себебі көлденең өлшемі он екі саусақ өлшеміндей. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.
Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улызаттарды зарарасыздандырып отырады. Массасы, шамамен, 1500г. Ол қызыл қоңыр түсті, оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады.Бауырдан бөлінетін өт сарғыш жасылтүсті. Өттің әсерінен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады.
Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағындаекінші бел омыртқаның деңгейінде орналасқан.
Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішек – адамағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі, ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттармен тік ішекке түседі.