** тему "Судың адам өміріндегі маңызы" написать небольшОЙ ТЕКСТ СРОЧНО ПО КАЗ ЯЗ

0 голосов
350 просмотров

на тему "Судың адам өміріндегі маңызы" написать небольшОЙ ТЕКСТ
СРОЧНО ПО КАЗ ЯЗ


Другие предметы (18 баллов) | 350 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Судың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қазақ халқы «Сулы жер — нулы жер» — дейді. Су -табиғи байлық. Ғаламшарымызда алғашқы тіршілік суда дамыған, сусыз тіршілік жоқ. Ол қан мен өсімдік, жануар құрамына кіреді, зат алмасу процесінің жүруін қамтамасыз етеді. Адам денесінде 63% су бар. Су болмаса тірі ағза өледі. Су санитарлық және шаруашылық тұрмысқа да керек. «Тазалық — денсаулық кепілі» дейміз. Су болмаса тазалық та болмайды. Су денсаулық жақсарту мен дене шынықтыру шараларына пайдаланылады. Судың емдік қасиеті өте зор. Мысалы, белгілі Есентуки суы құрамында сода және ас түзы тағы да басқа минералдық элементтер бар. Ақжайық суында гидрокарбонат: хлоридті, магнилік, кальцилық, натрилік элементтер бар.

Су еріткіш. Егер минерал тұздарды ерітетін су болмаса өсімдік тамыры, өсімдік тіршілігіне соншама қажет заттарды өз бойына сіңіре алмас еді. Қазіргі кезде адам өндірістің бірде-бір саласы сусыз жұмыс істеп және дами алмайды. Мысалы, 1 кг қағаз өндіруге 100 л, 1 т цемент өндіруге 4500 кг су ңажет. Электр энергиясын өндіруге, ауыл шаруашылығында жайылымдарды суландыруға да су қажет. Суды саяхат шегуге, әр түрлі жүк тасылымдауға, ағаш ағызуға пайдаланады.

(72 баллов)
0

СПАСИБО