Помогите пожалуйста срочно

0 голосов
50 просмотров

Помогите пожалуйста срочно


image

Қазақ тiлi (327 баллов) | 50 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театрөнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры (МАОБТ), Алматы қ. – қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың есімін иеленген  Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның танымал театрларының бірі болып табылады.

Қазақстандағы опера өнерінің пайда болуы мен дамуы дәл осы театрмен байланысты, оның сахнасында қазақ композиторларының опералары мен әлемнің опералық және балеттік мұралары тұрғылықты қойылған. Дәл осы МАОБТ сахнасында Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Құрманбек Жандарбеков сынды Қазақстанның танымал орындаушылары танылған еді.


М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. Театр  Алматыда 1933 жылы ашылған Орыс драма театры негізінде пайда болды. 1964 жылы – Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 150 жыл толуына орай – театрға осы ұлы орыс ақынының аты берілген болатын. Мәскеудегі табысты гастрольдерден кейін 1974 жылы театрға академиялық дәреже беріледі.

1983 жылдан бастап қазіргі күнге дейін театрдың көркемдік жетекшісі –Қазақстан Республикасының халық әртісі Рубен Андриасян.

Театр репертуарында орыс және әлем әдебиеті классиктерінің спектакльдары  біршама болып келеді және балаларға арналған  қызықты қойылымдар да бар.

Спектакльдер үлкен және камералық сахналарда орыс тілінде қойылады.

 

Алматыда сонымен қатар неміс, ұйғыр және корей театрлары қызмет етеді.Жане де Зазеркалье театр АРТишок

Аспиранттың ақ шымылдығы

5 ия

6 Драма

Сабит Оразбаев Нукетай Мышбаева


(397 баллов)