XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап патша үкіметі Қазақстанның аумағына шаруаларды қоныс аудара бастады. Шаруалар өздерімен бірге егіншілік мәдениетін, сондай-ақ жаңа еңбек құралдарын ала келді. Осыған байланысты бау-бақша егу және омарта шаруашылығы пайда болып, едәуір дамыды. Жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударып келген шаруалар арасында тұрақты шаруашылық қатынастары қалып тасты.