Намыс намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық...