Рассказ ** казахском языке про батыров 60-70 слов.Заранее СПАСИБО

0 голосов
133 просмотров

Рассказ на казахском языке про батыров 60-70 слов.Заранее СПАСИБО


Қазақ тiлi (76 баллов) | 133 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

«Батыр қол бастар, Көсем жол бастар». Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:«Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл -ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата- ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, батылдыққа, батырлыққа, ерлікке, табандылыққа, отанды сүюге тәрбиелей отырып үлкен үміт күтеді.Сол сияқты отанын қорғаған батыр бабамыз Бөгенбай батырды барлық қазақ баласы біледі.

(514 баллов)