Күні кеше Renzo тобы өзінің су жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Бұл ретте атышулы Ninety one-ның фанаттары қос топты салыстырып, жаңа клипке төмен баға беріп жатты. Renzo-ның продюсері Алуа Қонарова жанкүйерлердің мәдениетсіздігіне қайран қалды. Ол әртістерге жағымсыз пікір, қала берді былапыт сөз жазатын жандарға жауап берді.