Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі.
Алматы— Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде. Алматыда 1 703 500 адам тұрады .
Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.