1. Ол қора-қора малы бар асқан дәулетті болмаса да, төрт түлігі сай, елге сыйлы адам еді.
2. Маңызды әңгімені телефон арқылы жеткізгеннен гөрі, бетпе-бет айтқан жөн.
3. Ақсақалдың үйіне балалары із суытпай кезек-кезек келіп тұрады екен.
4. "Ата-анаңды өзің балалы болғанда барып түсінесің",- деп жатады үлкендер.
5. Айдос кеш те болса арманын іске асыру үшін жап-жақсы жұмысын тастап Астанаға жол тартты.
6. Адасып келе жатқан Еркіннің алдынан қолында шелегі бар әп-әдемі қыз шыға келді.
7. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып оянған Ажар үстіне күртесін кие салып, есікке қарай беттеді.
8. Өзен жағасында ойнап жүрген Қаламқас судың ішінен жылт-жылт еткен әлденені байқады.
9. Алмас дос-жаранынан көмегін аяған емес.