1. Менің ойымша, қазіргі заманғы журналистиканың ең негізгі ерекшелігі - ақпараттық технология және ғаламтор. Ғаламтордың қолданыс аясының кеңеюіне орай бұқаралық ақпарат құралдарының сипаты да өзгерді. Сондықтан алдағы уақытта журналистер ақпаратты барынша тез әрі сапалы жеткізуі тиіс.
2. Басқа елдермен, әсіресе дамыған елдермен тәжірибе алмасу еліміздегі сөз бостандығының қорғалу деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Сондай-ақ бір жақтылы емес, тыңдарман (көрермен)мен етене байланыста болуды мақсат ететін бағдарламарды дайындау барысында шетел тәжірибелері керек деп ойлаймын.
3. Демократиялық қоғамның ең негізгі шарттарының бірі - сөз, пікір бостандығы. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы түйіткілді мәселелердің ақиқатын айтып, жұрттың пікірін, жан-айқайын билікке жеткізу арқылы елдегі сөз бостандығының нығаюына жол ашады.