Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат.
Жақсы көргенін айтады, жаман бергенін айтады.
Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,
Жамандар жақсымын деп айқайлайды.
Барымтаны бай алады, бәлесі кедейге қалады.
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.
Ұққаның жақсы болса —жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса — ақылың көбейеді.