«Әссәләму ғаләйкум» сәлем сөзі ынтымақ пен бірлік әкелген сөйлем. Араб тайпаларының сан алуан амандасу үлгісін жойып, барлық мұсылман жұртшылығын бір түрлі амандасу үлгісіне көшіру-ынтымақ пен бірліктің нышаны әрі үлкен хикмет. Әлем мұсылмандары ұлттар мен ұлыстардан құралып, төрткүл әлем тұрғындары өз тілінен өзге тілді білмесе де бәрі бір ауыздан «әссәләму ғаләйкум» деп амандасуы бірліктің нағыз нышаны. Бұл тек мұсылман үмметінің өзара сәлемдесу үлгісі.