"XIX ғасыр әдебиеті" тақырыбына эссе керек!!!! 9- сынып Көмектесіндерш, өтінем!!!!

0 голосов
141 просмотров

"XIX ғасыр әдебиеті" тақырыбына эссе керек!!!!
9- сынып
Көмектесіндерш, өтінем!!!!


Қазақ тiлi (12 баллов) | 141 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жалпы
қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде
өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да Совет үкіметі кезінде, дәлірек
айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. Революцияға дейінгі
шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс
авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби
нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын
көреміз. Ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде XVIII - XIX ғасырлар
әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. Бірақ
тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. Мысалы,
В.В.Радловтың «Түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды
кітабының ІІІ томында (1870 ж.) Жанақ пен Түбек, Орынбай мен Шортанбай т.б.
бар. Тек ХХ ғасырдың бас кезінде «Қырғыз поэзиясы туралы» деген
В.Н.Белослюдовтың мақаласында  ғана
ХІХ-ХХ ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле
қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.

(158 баллов)