1. Бақытта баян жоқ, ол да бір ұшқан құс. 2. Көздің сұғы қураған құм сияқты: қанша дария келіп құйса да тоймайды;
Наданның көңілі де құм сияқты: қанша дария келіп құйса да толмайды. 3. Бір білімдар айтқан екен солайша:"Дәмі кетер ас-ауқатың молайса". 4. Дана кісі айтты мынау іспетті: Есті сөзді есте тұтса – іс бітті.
5. Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме, адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді. 6. Қалың жұрт екіге бөлінеді:ұқпаған өлік, түсінген тірі. 7. Екеуінің шұғылданғандығы сондай – ішке кірген кісіні аңғармайды. 8. Наданға үгіт айтудың керегі жоқ, ол бәрібір ұқпайды. 9. Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.