Қыс мезгілінің бір ерекшелігі - қысқы ойындар. Бұл кезді әр бала асыға күтеді. Сол сәт жақындағаннан-ақ балалардың далада асыр салып ойнап, шана теуіп, сырғанақ, аққала жасап жүргенін байқайсыз. Одан адамның көңіл-күйі көтеріліп, жадырап сала береді. Маған бұл өте қатты ұнайды!