Бәйтерек туралы қысқаша эссе керек

0 голосов
966 просмотров

Бәйтерек туралы қысқаша эссе керек


Қазақ тiлi (86 баллов) | 966 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов



Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеп те жатады.

Бәйтерекетің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.

Осы алып ағаштың тағы бір идеясы өлім мен өмірді теңестіретін дүниежүзілік мифтің мазмұнына негізделген. Қазақ мифологиясында ол космос ағашы ретінде қаралады. Бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен көрсетіледі. Ел арасында адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым ежелден қалыптасқан. Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірінде, басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер жүзінде жасаған әр адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жапырағы жайқалып өскенде есейіп, кемеліне келіп, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса қартайып, жапырағы үзіліп, жерге түскенде, қазаға ұшырайды делінген. Осылай бәйтеректің жапырағына жан орналастырып, адамның өмір сүру кезеңдерімен үйлестіре бейнелейді.



Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.

Ертегіде Самұрық кұсы осылайша мінезделінеді. Кейіпкер жыланды өлтірген соң Байтеректің түбіне демалып отырады. «Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шығыпты. Қатты дауыл жерді шаңдатты.

– Бұл не? – деп сұрады (Жарты – Төстік)? Сонда екі балапан айтты:

- Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі, — деді.

Күн нөсер жауын құйып – құйып жібереді.

- Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты:

- Анамыздың көз жасы. Жылда-жылда бала тапсам да, бірі ілеспей койды деп жылағаны – деді. Құс ашылып қар жауды, жапалақ – жапалақ.

- Бұл не – деді.

– Анамыздың қуанып, қарқ-қарқ күлгені, — деді.

Құскеліп ағаш басына қонғанда, үйдін жуандығындай ағаш иіліп жерге тиді дейді». Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бәйтерек мазмұны бірде зәүлім ағашы көзге елестетсе, екіншісінде мықты, зор күшті үшіншісінде, ғарыш пен жер арасындағы тылсым байланысты бейнелейді. Сондай-ақ ол тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген, ұғымды да білдіреді.

Аңыз бойынша мифологиялық Бәйтерек немесе Жолтерек (жолдарақ) О дүние мен Бұл дүние арасын жалғаушы жол ретінде саналады. Алып теректің ерекше қасиеті сол оны айнала ән салып, тілеген адамдардың тілегі қабыл болып жақсылыққа өзгереді екен.

Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты. Есіл өзенінің сол жағалауынан көкке қарай бой созған зәулім «Бәйтеректің» биіктігі – 97 метр. Ол Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған 1997 жылды білдіреді.

Ғимараттың өзі үш бөліктен тұрады. Бұлардың да өзіндік сырлары бар. Нысанның жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюынан өзекті ой өрсе, ал екінші-үшінші бөліктері кейінгі өркендеу кезеңдерінен көріністер береді.

Кешеннің ең жоғарғы бөлігіндегі «Аялы алақан» композициясы осы монументті тұрғызу идеясын ұсынған Президент Нұрсұлтан Назарбаев алақанының көшірмесін алға тартты.

Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ұшар басында алтын шар орналасқан, арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 тоннаға жетсе, алтын шардың үстіңгі ауданы 1 553 метрді алады.

бұл енді қысқа емес бірақ керектілерін теріп жазуға болады

(326 баллов)
0 голосов

Бəйтерек-Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сəулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлданәйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.

(98 баллов)