Сочинение ** казахском языке ** тему караганда!напишите пожалуйста:3заранее спасибо)))

0 голосов
63 просмотров

Сочинение на казахском языке на тему караганда!напишите пожалуйста:3заранее спасибо)))


Қазақ тiлi (16 баллов) | 63 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33,2%-ы қазақтар, 47,9%-ы орыстар, 3,4%-ы немістер, 3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы украиндер, 1,3%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 4,2%-ы басқа ұлт өкілдері.2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,85 өлім – 13,89 табиғи өсім – 2,96 Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы. Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.

(164 баллов)