Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу қатер тудырады. Балабақшада, мектепте, үйде "Машинадан сақ бол! " деген сөздерді жиі естиміз. Тіпті кейбір балалар: "Мен кішкентай емеспін ғой, неге айта береді"-деп бұртияды. Жолдың қалыпты қозғаласы көбінесі балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны шаңғы тебетіні қалтарыстан жолға шыға келетіні салдарынан бұзылады. Көшеде үлгілі, тәртіпті оқушы жолда жүру заңын бұзбайды. Жолда жүру заңы бізге мыналарды ескертеді; 1) Машина жолымен емес, жаяуға арналған жолмен жүр. 2) Жақын келіп қалған автокөліктің алдын кесіп өтпе, әеулі оны өткізіп жібер. 3) Көшеде ойнама. Жол бойында шаңғы, коньки, шана теппе. 4) Өзіңнен кішілердің жол ережесін бұзбауын қадағала. Жақсы үлгі көрсете біл. Перевод пожалуйста