30 БАЛЛОВ СРОЧНО!
Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық,
биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы
бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме
жабық тұрады екен.
Бір күні қыз қарияға:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге
қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың.
Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады
әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін
ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және
кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:
- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық,
өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса,
еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі
мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.
Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.
=========================================================================
Задания:
А) Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?
_________________________________________________________________
В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?
_________________________________________________________________
№2
Суреттегі Қыз бен Жігіттің сырт бейнесін теңеу мен метафораны қолдана отырып,
сипаттап жазыңыз.