Қазақты ғалам таныған күн Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан – байтақ жерді алып жатқан он миллион қазақтың Отаны оянып, шаңырағы көтеріліп, терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол – Қазақстан Республикасы. 1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүние жүзінің үлкенді – кішілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихының тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдап, Түркия бас болып, іле – шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай – ақ АҚШ пен Швейцария таныды. Составте диалог