Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді
тірек сөз не доминант дейміз. Синонимдік қатарға енген сөздердің
мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс —
ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.