Алғашқы кең қолданыс тапқан теледидарлардың өндірісі XX ғасырдың 30 жылдары басталған. Алайда, бұл ашылудың жүзеге асуы үшін ғалымдар ондаған жылдар ішінде аянбай еңбек етіп, мыңдаған тәжірибе жасаған. Теледидар тарихы фотоэффект құбылысының ашылуымен тікелей байланысты. Алғашында ішкі фотоэффект құбылысы қолданыс тапқан, оның мағынасы мынада еді: кейбір жартылай өткізгіштер жарықтандырылса, олар өз электр кедергісін күрт өзгертеді. Осындай қызық ашылуды алғаш рет ағылшын ғалымы Смит жасаған болатын. 1873 жылы ол кристалданған селенмен жасаған тәжірибесі жайлы баяндап, ғалымдармен ой бөліскен. Бұл тәжірибеде селен жолақтары платина кірістері бар түтікшелердің ішінде дәнекерленген. Түтікшелер күн сәулесі түспейтін қараңғы жерлерде сақталынатын. Қараңғы жерде селен жолақтарының кедергісі күрт өсіп, тұрақтылық көрсеткен. Күн сәулесі сәл түскен жағдайда, селеннің өткізгіштігі 15-100 %-ға жоғарлайтын.
Нужно составить 8 аопросов по тексту .Пожалуйста!Срочно нужно.