Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім Домалап қазағымның өрге тасы, Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтай бер, елімнің Астанасы