Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр.