Не большой рассказ про город Орынбор ** казахском Пожалуйста не через переводчик. буду...

0 голосов
88 просмотров

Не большой рассказ про город Орынбор на казахском
Пожалуйста не через переводчик.
буду благодарна
даю 25б


Қазақ тiлi (129 баллов) | 88 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (орыс. Оренбу́рг) – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998). Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. О. Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.

1735 ж. 15 тамызда И.Кирилов бастаған экспед. Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады (қ. Ор). 1740 ж. В.Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту ст-сының іргесі қаланды. 1742 ж. жаңадан тағайындалған губернатор И.И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 ж. Кирилов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. О. іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының О-ға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. О. 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орт. Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 ж. 4 қазанда О-да Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. О. 1920 – 1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта О. облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және т.б. мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады. 

(36 баллов)