Сөздің тура және ауыспалы мағынасы1-нұсқа.1. Сөздің ауыспалы мағынасын...

0 голосов
307 просмотров

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
1-нұсқа.
1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
А)Тұлпар-батырлар мінген жүйрік ат. В)Бала қыздың алдына асыл тұқымды тұлпарды тарта берді
С) Тұлпар туған шұбар ат Д) Халықтан небір тұлпарлар шығады. Е) Түп атасы-араб тұлпары.
2. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.
А) Қара жұмыс. В) Ескі үй. С) Күзгі орман. Д) Қалың кітап. Е) Сары бояу.
3. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Үлкен мектеп В) Көрші ауыл С) Қызыл тіл Д) Жаңа қала Е) Жазғы кеш
4. Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Туды жоғары ұстау. В) Атасы баласын иіскеді. С) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.
Д) Адамгершілік туралы айту. Е) Әдеби кітаптарды оқу.
5. Тура мағынада берілген сөзді көрсетіңіз.
А) Қабағын түйді В) Ақ жүрек С) Алтын ғасыр Д) Жарқын жүзді Е) Қызыл алма
6. Қара деген сөздің тура мағынасында қолданылған жерін көрсетіңіз.
А) Қара қарындаш. В) Қара дауыл. С) Қара ниет. Д) Қара жүрек. Е) Қара тер.
7. Тура мағынасында қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Жуан жіп. В) Жуан дауыс. С) Жуан ауыл. Д) Жуан жол. Е) Жуан сіңірлі.
8. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.
А) Салқын ауа. В) Суық жел. С) Суық қолды. Д) Кеңпейіл. Е) Мамық төсек.
9. Тура мағынада айтылған сөздері бар сөйлемді табыңыз.
А) Адамның басы. В) Таудың басы. С) Бас дәрігер. Д) Істің басы. Е) Жиналыстың басы.
10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Суық сөз. В) Ыстық ықылас. С) Ақ ниетті. Д) Жақсы адам. Е) Терең ойлы.
11. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.
Жаңбырсыз жер жетім, жақсысыз ел жетім.
А) Жаңбырсыз. В) Ел. С) Жер. Д) Жақсысыз. Е) Жетім.
12. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
А) Ол досына алтын сағат сыйлады. В) Кешке қызық кино басталды. С) Түн салқындай бастады.
Д) Айман оған жылы лебізін білдірді. Е) Күзде жапырақтар сарғаяды.
13. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
А)Жануардың терісі. В)Көліктің дөңгелегі. С)Таудың басы. Д)Құстың қанаты. Е)Адамның көзі.
14. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) Асыл жан. В) Сөзге сараң. С) Терең құдық . Д) Арам ой. Е) Жібек мінез.
15. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
А) Қисық бұтақ . В) Қызыл гүл. С) Білімді оқушы. Д) Қоңыр дауыс. Е) Қара сиялы қалам.
16. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Сен менің оң қолымсың. В) Қолды болып жүрме. С) Ол қол ұшын берді. Д) Қолы жеңіл.
Е) Қолыңды көтер.
17. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) Жылы жүзді. В) Жылы сөз. С) Жылқы жылы. Д) Жылы өң. Е) Су жылы.
18. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
А) Ақырын қозғалу. В) Жел мінез. С) Жүйрік ат. Д) Ұйқыдан ояту. Е) Бұзаулы сиыр.
19. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А) Баласы өсті. В) Бұл ойды мен өсірген емеспін. С) Өсу жолы-бұл емес. Д) Халық саны өсуде.
Е) Сен өсіріп сөйлеме.
20. Сөздің тура мағынасын табыңыз.
А) Арқасынан таяқ үзген жоқ . В) Ол әке-шешеден ерте қол үзді. С) Нариман-тепсе, темір үзетін жігіт. Д) Бала нанның жартысын үзіп берді. Е) Қарт әбден күдер үзген екен.
21. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.
А) Терең ой. В) Ұзын арқан. С) Тар жол. Д) Үлкен үй. Е) Қара шаш.
22. «Күн» сөзіне тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.
А) Жабық . В) Бүгінгі. С) Кешегі. Д) Ашық . Е) Бес.
23. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.
А) Жеңіл жүк. В) Қисық ағаш. С) Ауыр сөз. Д) Қоңыр түс. Е) Сынық айна.
24. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қара бояу, қалың киім, суық су. В) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар. С) Қалың шөп, адал ас, қара көз. Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар. Е) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ
25. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.
А) Мамық төсек. В) Суық жел. С) Кеңпейіл адам. Д) Суық қолды адам. Е) Салқын ауа.
ответ


Қазақ тiлi (26 баллов) | 307 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1)С
2)А
4)С
5)Е
6)А
7)А
8)С
9)А
10)Д
11)Е
12)Д
13)С
14)С
15)Д
16)Е
17)Е
18)В
19)А
20)Д
21)А
22)А
23)С
24)В
25)Д

(1.5k баллов)