Есімшені түрлендіріп қолданып,бүкіләлемдік ғаламтордың тарихы туралы мәтін жазыңдар

0 голосов
633 просмотров

Есімшені түрлендіріп қолданып,бүкіләлемдік ғаламтордың тарихы туралы мәтін жазыңдар


Қазақ тiлi (12 баллов) | 633 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-та біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әртүрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.[2]

ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Сервер ретінде орнатылған «Honeywell 516» компьютерінің оперативті жад көлемі небәрі 12 КБ болатын.[3]

(22 баллов)