Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б.