Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:
- Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол-жалқау.
Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді.
- Кешке дейін бір жерде бола тұр,- дейді ол баласына.
Қараңғы түскен соң үйге кел. Сонан соң: "Мынаны еңбегіме алған едім"-деп әкеңе бер.