Сочинение ** тему восточные города казахстана ** казахском языке

0 голосов
54 просмотров

Сочинение на тему восточные города казахстана на казахском языке


Қазақ тiлi (99 баллов) | 54 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескірткіштері, атап айтсақ Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан басқа не керек?

(334 баллов)