Ана - өмірде өзін үшін емес, өмірін өзгеге арнайтын жалғыз Адам. Ол түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін қайта- қайта оянып қарап, жөргегін ауыстырып, тамақтандырып бар қызметін жасайды. Ол жүре бастағанда ізінен қалмай қадағалап, бәйек болады. Мектепке барғанда бірге сабағын оқып, көмектеседі. Ана баласы есейіп, ержетсе де онан өз мейірімін аямай аялайды. Анамызды ардақтайық, еңбегін ақтайық.