Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған- Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ