Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.
Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді.
Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.
Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.
Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына
Жігіт жақсысын —
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.