3 записи информации о овощах

0 голосов
62 просмотров

3 записи информации о овощах


Қазақ тiлi (37 баллов) | 62 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.Сәбіз (лат. Daucus) – шатыршагүлділертұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Сәбіз

Daucus carota

Ғылыми топтастыруыДүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Apiales
Тұқымдасы:Apiaceae
Кіші тұқымдасы:Apioideae
Тайпасы:Scandiceae
Кіші тайпасы:Daucinae
Тегі:Daucus
L., 1753түрлері

25 түрі белгілі

Daucus carota subsp. maximus

Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 центнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротинқұрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп.

2.Қияр (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады.[1] Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2—25% қант, 1% белок, 0,1% май, 0,7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майыбар.[2]
3.Қызылша"' (лат. Béta)– Амаранттар туысына жататын біржылдық, екіжылдықнемесе көпжылдық өсімдік. Қызылшаның ең танымал түрлері: кәдімгі қызылша, қант қызылшасы және мал азық қызылшасы. Антарктидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі. Қызылшаның барлық мәдени түрі шығыс Үндістанда өсетін табиғи қызылша түрінен алынған. Қызылшаның тағам ретінде ең алғаш Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолданылғандығы белгілі. Бірақ ежелгі заманда тағамға қызылшаның жапырағы ғана пайдаланылған, ал тамыры дәрілік мақсатта қолданылған. Ежелгі гректер Аполлон құдайының құрметіне қызылшаны сый еткен. Мал азығы қызылшасы XVI ғасырда Германияда шығарылған. Оның толық сапалы түрі XVI-XVII ғасырларда алынса, XVIII ғасырда бұл қызылшаның түрі бүкіл Еуропаға тез тарады. Басқа қызылшалардан түрі жағынан айырмашылығы аз болғанымен, оның тамыры жақсы жетілген. Селекционерлердің 1747 жылы бастаған жұмысының нәтижесінде қант қызылшасы пайда болды. Сол кездегі қамыстан алынатын қанттың қызылша құрамында да бар екендігі анықталған. Ол кезде қызылша құрамынан 1,3 % қанталынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 20 % дан асады. Бүгінгі күні қант қызылшасы қант шығару бойынша қант қамысынан кейінгі 2-орынды иеленіп отыр. XIX-XX ғасырларда қызылша Антарктидадан басқа барлық жерге таралды.

(229 баллов)