Ел құтқарар ер едім... помогите пожалуйста с сочинением нужно не маленькое, хотя бы ** 2...

0 голосов
86 просмотров

Ел құтқарар ер едім...
помогите пожалуйста с сочинением нужно не маленькое, хотя бы на 2 страницы пожалуйста необходимо в кротшайшие сроки!!!пожалуйста!!!40баллов


Қазақ тiлi (117 баллов) | 86 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық. Тумысынан сағы сынып көрмеген, жасу мен жасқаншақтықты білмейтін өжет халық. Мұндай қасиетті текті халықтың бойына табиғат сыйлаған. Тамырын тереңнен тартқан тектілік атам түркі дәуірінен басталып жатыр.
Тарихын тасқа жазған халықтың күлтегін, Тоныкөк сияқты ұлдары, атам түркі жұртының бөрілі байрағын бөріктісіне ұстатып, қас дұшпанына иілмей өткені әлемге аян. Осындай өрліктің жалыны он бесінші ғасырда Қыпшақ даласынан бізге жеткен «Ер Тарғын» аңызынан белгілі.
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін...
Еділдің арғы жағында,
Аттанбадым олжа үшін.
Аттанғаным кәуірге,
Атамның ежелгі кегі үшін, - деп Тарғын бабамыз да ерлік пен өрліктің тағылымын осылай жырлап кетті.
Сан ғасырдан бері осы ерліктің легі үзілмей келіп, Ақтамберді, Доспамбет сияқты жыраулар жырының қайнар бастауы болды.
Ақтамберді жыраудың:
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман.
Сыртым – құрым, жүзім – болат,
Тасқа да салсаң майырылман, -деп толғаған рухты жырының тарихи, жасампаз жалғасы – Махамбет.
Еңсегейлі екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі.
Жауырына жазық, мойны ұзын,
Оқ тартарға қолы ұзын.
Дұшпанына келгенде, тартынбай сөйлер асылмын! – деген төкпелі, тегеуірін қатты, тепкісі мықты жолдармен өзінің кім екенін жырдың рухымен-ақ танытып тұрған ақын, бұл – Өтемісұлы Махамбет.
Махамбет – өзіне дейінгі қазақтың өрен мінезді жырының мектебін шебер пайдалана отырып, ұлттық өлеңіміздің өнбойына ерлік жырының ерекше үлгісін жасаған реформатор ақын. Оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Соғыс», «тарланым», «Айныман», «Мен едім...» т.б. өлеңдері – қазақ даласындағы жауынгер рухтағы жырлардың жалғасы.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім? – деген жырдың кәусарына бас қойсаңыз, сана төрінде бірде олай, бірде бұлай бұлқынған, жағаласар жауын көргенде хас батырдай жұлқынған ақынның өршіл рухын көз алдымызға елестетеміз.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспандап ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай не керек?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Міне, осынау жырдың төрінде жеке бастың қамы емес, қазақтың сайын сахарасына жатжұрттық билеп-төстеушілердің емін-еркін еніп, кешегі ата-баба осы ен жайлаған даланың озбырлық пен отаршылдық шеңгеліне түсіп, қиналған сәтін, қамыққан тұсын, аушы-ызасы, нала-мұңы, заруы-торығуы қатар жатқанын аңғарамыз.
Махамбет өз жырында ерлікті болашақ ұрпаққа кеңінен көсіле жырлайды.
Туған ұлдай не пайда?
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса! – дейді ұлы ақын. Бұл ойдан шығатын түйін: атаңның жолын қу, жаныңа ерлікті серік ет, еліңе пана бол.
Ал, «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңіндегі:
... Үйде отырсам да өлем деп,
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп, - деген жебелі жыр ұшқынынан оның ерлікті, елдікті, бостандықты аңсағанын көреміз. Мұндай өресі биік ой – Махамбетке тән құбылыс.
Махамбет – ел үшін еңіреп өткен алаштың ардақты азаматы. Сан жылдар елінің еркіндігі мен бостандық жолындағы табанды күресімен, ел үшін атқарған игілікті ісімен тарихта атқы қалды. Қараой топырағында Ықылас қолынан абайсызда қаза тапқан ұлы тұлғаның жанкештілігін тебіренбей еске ала алмайсың... міне, ұлы ақын, өжет батырдың туғанына 210 жыл өтсе де,оның еліне сіңірген еңбегін тарих-абыз ұмытпады.
Ол қас дұшпанына қарсы білеткің күшімен, найзаның ұшымен де шайқасты, одан қалса, қанатты қауырсын қаламды қару етті.
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік.
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Теңдікті, малды бермедік, - деп, Махамбет елі мен жері, теңдік үшін шайқасқанын тебірене жырлады. Бұл – ұрпаққа өнегелі, тағылымы мол, ұлы жыр!
Алаш жұртының арғы-бергі аламан жырларының арасынан шоқтығы оқшау көрінер, ұлт өлеңінің қайталанбас үлгілері – Махамбеттің жебелі жырлары. Елдік пен ерлікті жауынгерлік рухта жырлай отырып, дәуір шындығын айнадай ғып көрсетер, айғақтап айтар ұлы жырларға қалай ғана бас имейсің?!
Ұлы жырға бас ию – ұлт тағылымының ұлы қайнарларына бас ию! Ұлы қайнарларға бас ию – ұлт Рухына бас ию!
Махамбет жыры – ұлттық ой мен танымның тамырын тереңдетіп, рухымыздың абырой, беделін аспандатар ұлы құдірет. Елі мен жерінің азаматтығы үшін алысып, қаһарлы сөзімен, қайсар мінезімен туған халқын ардақтап өткен ұлы перзентінің есімін ұлы жұрты да алақанына сап аялауда.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп құдіретті үнімен тіл қататын ақынның жебелі жырының Рухы ұрпақ санасынан мәңгілікке өшпейді.
Махамбет – қазақ ұлтының отаршылдық заманында елінің елдігімен бостандығы үшін жанын қиған батыры, қазақтың ұлы тұлғасы. Оның елі үшін атқарған игілікті ісі мен есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек..

(166 баллов)
0

да я видела такой ответ только это точно на эту тему? и если это то сочинение которое мне нужно можно план из 3 частей пожалуйста!

0

план по этому тексту

0

аууу

0

пожалуйста