Мен ұнататын мамандық- дәрігерлік. Дәрігер болу менің арманым. Дәрігерлер-ең мейірімді жандар. Олар өзгеге көмегін өз пайдасы үшін жасамайды, жүрек қалауымен, ақ пейілімен жасайды. Олардың өз жағдайын ойлауға мүмкіндікдтері жоқ, олар тек өзгеге қалай көмегімді тигізіп, науқасынан айықтырамын деген ойда болады. Басқа мамандық иелерінде ондай мақсат болмайды, олар ең алдымен өз басының, отбасының жағдайын жасайды. Міне, дәрігерлік мамандықтың өзге мамандықтан ерекшелігі.Олар Отан сақшылары тәрізді, адам денсаулығының сақшылары.
Ол мамандықты қалау себебім, менің халқыма адал қызмет атқарғым келгендіктен, қандай да бір көмегіммен басқаның жанына жақсылық жасасам деген себептер.
Менің отбасымда әкешім, анашым, әпке, көкелерім дәрігерлер. Олардың еңбегі маған үлгі. Әжем мен атам да осы мамандықтың иелері, қазіргі зейнеткерлер.
Мен өз мақсатыма жету үшін жақсы оқып, қайткенде де осы мамандықты меңгеру, жақсы дәрігер атану.