Менің атым –Қожа» повесі – Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығарма. Ол – балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Бұл шығармада Қадыров Қожа, яғни, «қара көженің» іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі. Жанарға ғашық болуы, Сұлтанмен достығы, Жантаспен жауласуы – бәрі-бәрі шын өмірден алынған хикая.
Қожаның балалық қылықтары оқырмандарға күлкі сыйлайды. Оның өкініші адамдардың көңіліне қаяу түсіреді. Балдәурен шақтың қызығы мен шыжығына куә етіп, тәрбие тәлімін береді. Жеңіл сөзбен түсінікті тілмен жазылған повесть.
Қара көже қандай сотқар болса да соңында адам болып қалыптасқаны қуантады. Бұл туындыны әр адам бала кезінде оқып, білуі парыз деп есептеймін. Себебі, қайта оралмайтын шақты қызықты етіп өткізуге үлгі береді. Қожаныкіндей балалық шақты өткізу әр адамның маңдайына жазылмаған. Қожаның балалық шағы – тәтті дәуреннің төресі.