Ыңғайлы салалас деген құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәндегі қарым-қатынаста айтылатын салаластың түрі. Қарсылықты салалас деген құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі ой мен оқиға, екінші сыңарындағы ой мен оқиғаға қарама-қарсы болып келетін салаластың түрі. Түсіндірмелі салалас деген құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап(түсіндіруді талап етіп), кейінгісі алдыңғы сыңарының мазмұнын ашып, талдап, түсіндіріп тұратын салаластың түрі