Хакімжан Есімханұлы Наурызбай (27 тамыз 1925, Қостанай облысы Меңдіқара ауданы бұрынғы 1-ауылы қазіргі Ұлыкөл ауылы - 4 қыркүйек, 2009, Алматы) - мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі (1969), ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі.
Өмірбаяны
Харьков көркемсурет институтын бітірген (1951).
Алматы көркемсурет училищесінде оқытушы (1951 - 1964; 1952 ж. осында тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырды), аға оқытүшы (1980- 1985)
Алматы сәулет-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ сәулет және құрылыс академиясы) аға оқытушы (1982 - 1985)
1985 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) кафедра меңгерушісі, 1993 жылдан профессор.
Шығармалары
"Абай" (1960, Алматы қаласында);
Абай 1965, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы)
"Шоқан Уәлиханов" (1969, Алматы қаласында; Қазақстан Мемлекетік сыйлығы, 1970; КСРО Көркемсурет академиясының дипломы, 1971).
"Жамбыл" (1963, Тараз қаласында)
"Мәншүк Мәметова" (1988, Орал қаласында)
"Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов" (1990, Қостанай облысының Торғай ауданы Торғай ауылы) атты монументті ескерткіштері бар.