Бүгінгі ұрпақ өз қаһармандарын біле ме? тақырыбында эссе жазыңыз

0 голосов
140 просмотров

Бүгінгі ұрпақ өз қаһармандарын біле ме? тақырыбында эссе жазыңыз


Қазақ тiлi (15 баллов) | 140 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Көптеген тарихы бар қазақтардың да мақтан тұтып, құрметтейтін батырлары жетерлік.біледі? Аз-кем мағлұмат алғаны болмаса, былайша айтқанда, сол атағы асқақ, абыройы биік ардақты тұлғалар жайлы ештеңе айта қоймасы анық. Қазір қайсыбір мемлекет те тарихын тереңнен толғап, елдің мақтан тұтар азаматтарын дәріптеуге ден қойып отыр. Біз ше? Әрі-беріден соң қазақ ұлты кеше ғана пайда болған жоқ қой. Өзге жұрт қызыға да қызғана қарайтын кең-байтақ өлкемізді бізге әлдекім тегіннен-тегін тарту ете салған жоқ қой. Әрине, бәрі жауына қарсы қолына қару алып, аттан салған ата-бабалардың түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай қорғауының арқасында емес пе?!

Ендеше, біз өр кеуде, өжет мінез, қай­сар қазақтың ұрпағы екенімізді неге дәріп­темейміз? Қазақ топырағынан даралығы­мен даланың данышпаны деп дәріптелген ғұламалар да шықты. Өкінішке қарай, оларды да өз деңгейінде насихаттай алмай келеміз. Неліктен абыз даланың аңыздарына айналған өзіміздің жақсылар мен жайсаңдар жайлы дүниелерді жарыққа шығаруға неге көңіл бөлмей отырмыз?

(207 баллов)