Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау. Асауға шалманы қалай дәл тастайсың. Неше саққа жүгіртіп, құйқылжытып, қалай тамаша ысқырасың. Бие сауғанда шөпілдетіп жібересің. Жолдасыңа қоң етіңді ойып беруден тартынбайтын батылсың да жомартсың. Бірақ арамдығың да бар: өтірік айтасың, ұрлық істейсің.