1. сөздерді сөз құрамына қарай талда: жерімізді, астананы, үйіңнен, қаланы.
2. «Телефон» сөзіне дыбыстық талдау жаса
3. Берілген сөздерді септе: жер, ана, қария, Бейбіт.
4. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой: Т...уелсізд..гі, үш..н, тар...хи, т...лғал..р, ма...ызын, шап...ыншылық, т..рмыс-са..ты, ша...уыл, ел бас..ылары, басқа..ады.
5. Соңғы әрпі «ы» болатын 5 сөз жаз
6. Берілген сөздерге синонимдер жаз: шаһар, хикая, халқы.
7. Берілген реттік сан есімдерді жинақтық сан есім түрінде жаз: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші.
8. Мына сөздерге сын есімдерді тіркестір: телефон, денсаулық, қызмет, табыстар, Қазақстан.
9. Мақалды толықтыр:
1. .....береке бар. 3. ..... - өлең төсегім
2. .... – алтын бесік. 4. ..... үшін отқа түс – күймейсің.
Керекті сөздер: ел іші, өз үйім, бейбіт елде, Отан.
10. Сөздерді сөз құрамына талда: кітапша, балықшының, қызылдау, жаздық.
11. Мына фразеологизмдер қандай мағына береді?
Құлақ түру
Терісіне сыймау
Саусағынан бал тамған
12. телефон соғу, шалу, қою, теру етістіктерімен сөз тіркесін, сөйлем құра.
13. Мына сөздердің қай сөз табынан екенін анықта: ыдыс, қолдану, қарапайым, тұрақты, қызылдау, дейін, бүгін.