Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан
аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады. Олар:
ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы,
жал, жая жатады. Сүт тағамдары -ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған
тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары - бауырсақ,
шелпек.
Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.