Қара шаңырақ туралы əңгімелеңіз

0 голосов
98 просмотров

Қара шаңырақ туралы əңгімелеңіз


Қазақ тiлi (15 баллов) | 98 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Шаңырақ – киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын қасиетті ұғым. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал, күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады.

(257 баллов)