Етістіктің шақтары. осы шақ правило ** казахском срочно

0 голосов
176 просмотров

Етістіктің шақтары. осы шақ правило на казахском срочно


Қазақ тiлi (12 баллов) | 176 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Білімділік мақсаты:Тақырып мазмұнын ғылыми негізін меңгерту.

Ереже,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты:Сабақ мазмұны арқылы патриоттық,адамгершілік тәрбие беру.

 

Дамытушылық мақсаты:Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың таным

қабілетін дамыту.Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Сабақтың типі:  Аралас сабақ

 

Әдістері:сұрақ-жауап,баяндау,Венн диаграммасы т.б

 

Формасы:ұжымдық,жұптық,жеке.

 

Көрнекілігі:Плакат,суреттер,интерактивті тақта т.б

 

Сабақ барысы:Ұйымдастыру

1.Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

2.Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.

1-кезең.Өткенге шолу немесе сөз сыры

2-кезең.Білгенге маржан.

3-кезең.Ізден,тап

4-кезең.Не білдім?Не үйрендім?

 

1-кезеңде оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша тест сұрақтарына жауап береді

Тест 9 сұрақтан тұрады тұрады.Тестті дұрыс шешкенде ҚАЗАҚСТАН сөзі шығады.

ҚАЗАҚСТАН сөзін толық тапқан оқушыны жетон беру арқылы бағалау

.

Сұрақ:—Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

            -Біз қандай мемлекетпіз?

            -16 желтоқсан қандай мейрам?

            -Елбасымыз өз жолдауында: «Біз өткенімізді ұмытпай,келешегімізді ойлауымыз керек.Бүгінімізді бағдарлап,жастарымызға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек»деген еді.Осы сөздегі өткеніміз,келешегіміз,бүгінгіміз деп қай кезеңдерді айтып отыр?

 

(Оқушылар сұраққа жауап берген соң,жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды)

 

 

 

 

Жаңа сабақ:

 

Осы шақ оның түрлері(2-кезең.   Білгенге маржан)

         Осы шақ

 

Ауыспалы осы шақ-а,-е,-й  тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады, сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады.Мен Шалқарда тұрамын

Мен болашақта Шалқарда тұрамын

   Нақ осы шақЖалаңКүрделіОтыр

Тұр

Жүр

Жатыр

 

ОтырмынОқып отырмын

-ып,-іп,-п,-а,-е,-й

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.(Нақ осы шақ,күрделі түрі)

Мен достарыммен тәуелсіздік монументінің қасында тұрмын.(Нақ осы шақ)

Біз,қазақ жастары,өміріміздің жақсы болатынына сенеміз.(Ауыспалы осы шақ)

Жоғарыдағы сөйлемдерді оқушылармен бірлесе отырып,талдайды.Жақсы араласып отырған оқушыға жетон беріледі.

3-кезең. «Ізден,тап»

Оқушылар,сіздер алған білімдеріңіздің мына жаттығу арқылы тексергім келеді.Ол үшін мына берілген парақшаларға оқылған сөйлемдердің қай шақта тұрғанын жазып отырыңдар.Кітап жабылады.128-жаттығу оқылады.Оқып болған соң, оқушылар бір- бірін тексереді.

Жұптық тексеру.

Жаттығудың дұрыс жауаптары:

1-сөйлем (н.о.ш)

2-сөйлем (н.о.ш)

3-сөйлем (а.о.ш.)

4-сөйлем (ж.ө.ш)

5-сөйлем (а.о.ш)

6-сөйлем (а.о.ш)

7-сөйлем (а.о.ш)

Нәтижесінде: «4» пен «5» алған оқушыларға жетон беріледі.

Келесі тапсырма:129-жаттығу.Шығармашылық тапсырма.Берілген қалып етістіктерді қатыстыра отырып,сөйлемдер немесе мәтін құрастыру.Мысалы:

Үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр.Көк аспанда бейбітшілік символы ақ көгершіндер ұшып жүр.Алаңда жастар Қазақстан жұлдыздарының өнерін тамашалап тұр.Ардагер қарттар алдыңғы қатарда отыр.Мен осындай мемлекетте өмір сүргенімді мақтан етемін.

Балалар,сендер бұл кезең бойынша да өз білімдеріңді көрсете білдіңдер. «Іздеген жетер мұратқа»дегендей әрқашан ізденуден шаршамаңдар.(Жетон беріледі)

4-кезең. «Не білдім?Не үйрендім?»кезеңі

Бұл кезеңнен өту үшін мына тапсымалар орындалады.

Венн диаграммасы:Не білдім?Не үйрендім?

      Нақ осы шақ                                                    Ауыспалы осы шақ

(60 баллов)
0

спасибо ноо можно покороче?

0

я стольіо писал

0 голосов
осы шак келе шак откен шак
(67 баллов)